Басып озу үшін басқышты басқан кезде PALISADE-тың бүкіл қуаты Сіздің қолыңызда болатынына сенімді бола аласыз. PALISADE бензинді және дизельді қозғалтқыштары, берілістерді бірқалыпты және тыныш ауыстыру үшін үйкелісті азайтудың жаңа технологияларын қолданатын жаңартылған 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен үйлеседі. Ұқсас беріліс қорабы дизельді қозғалтқышы бар автокөліктерге орнатылады. HTRAC толық жетекті басқару жүйесі ойлы-қырлы жерлерде SUV сипаттамаларын жақсартатын Multi-Terrain Control жол талғамайтын қозғалыс режимін таңдау жүйесінің контроллерімен жабдықталған.
Жол және жол талғамайтын қозғалыс режимдері арасындағы ауысу батырманы жай ғана басу арқылы жүзеге асырылады. Содан кейін тұтқаны айналдыру арқылы қажетті режим таңдалады: күнделікті жүргізу үшін COMFORT, отынның оңтайлы үнемділігі үшін ECO, қарқынды үдеу үшін SPORT және сіздің жүргізу стиліңізге сәйкес берілісті ауыстыру аралықтарын автоматты түрде реттеу үшін SMART.
Максималды қуаты: 6300 айн/мин кезінде 249 а.к. және максималды айналу сәті: 5000 айн/мин кезінде 34,2 кг•м.
*Мүмкіндіктер мен техникалық сипаттамалар нарыққа байланысты өзгеруі мүмкін. Жергілікті дилерден кеңес алыңыз.
* Бұл ақпарат жариялау сәтінде дұрыс болып табылады. Алайда, Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы өнімді үздіксіз жетілдіру және жақсарту саясатын ұстанатындықтан, ол осы жарияланымда сипатталған модельдердің ерекшеліктерін, түстерін және жиынтықталым элементтерін кез келген уақытта қосымша ескертусіз өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Модельдердің түстері мен жиынтықталымдарының үйлесімі олар нақты болған жағдайда қолжетімді. Өзекті ақпарат алу үшін Hyundai ресми дилерлік орталықтарына хабарласыңыз.