12 ақпан 2020
Қазақстанның ең көп сатылатын автокөліктері Residual value-2020 қалдық құнының сақталуы рейтингіні


"Residual value — 2020" зерттеуіне сәйкес Қазақстанның автокөлік нарығының сату көшбасшысы болып Hyundai брендінің Tucson, Creta, Elantra модельдері екі сегментте тағы да үздік деп танылды. 11 ақпан 2020 жылғы Ресейлік "Автостат"[1] талдау агенттігі "Residual value – 2020" автокөліктердің қалдық құнын сақтау рейтингінің қорытындысы бойынша үздік автокөліктерді атады. Зерттеуге сәйкес олар оңтүстіккореялық Hyundai брендінің Elantra, Creta және Tucson модельдері.

Зерттеу шеңберінде қалдық құн индекстері есептеліп, 2019 жылы Standart және Premium классындағы сегменттер бойынша модельдер рейтингі жасалды. Талдау үшін 2016 жылғы жаңа автокөліктің бағасы, модельдің нарықтағы жалпы сатылу көлемін ескере отырып есептелген және 2019 жылы оның жаңа сатылу бағасы пайдаланылды. Содан кейін қалдық құн индекстері есептелді және сегменттер бойынша модельдер рейтингі құрылды.

Сонымен, Standart класындағы SUV (B) сегментінде 1-ші орынды қалдық құнының 87,61% сақталу индексі бар Creta кроссовері иеленді. Бұл сегментте ғана емес, сондай - ақ "Residual value-2020"рейтингінде де үздік көрсеткіш болып табылады. Отынды неғұрлым тиімді пайдаланатын автокөліктердің бірі деп танылған Hyundai Elantra седаны Standart класының 82,33% индексі бар сегментінде жеңімпаз атанды. Ал Tucson кроссовері 79,77% индексімен Standart санатындағы SUV (С) сегментінде 30-шы орынға ие болды.

Қазақстанда аталған автокөліктердің модельдері де көшбасшылық ұстанымға ие. Hyundai Tucson Республикада ең танымал кроссовер болып табылады, оның сатылымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша 4 679 бірлікке жетті, өткен жылы Hyundai автокөліктерінің төрттігіне Creta – 2 724 бірлік, Elantra – 2 642 бірлік, Accent - 3 494 бірлік кірді.

Осылайша Hyundai бренді жеңіл көліктерді сату бойынша көшбасшы болып, қазақстандық нарықты бағындыруды белсенді жалғастыруда. Тек 2020 жылдың бірінші айында оңтүстіккореялық брендтің 1 136 автокөлігі сатылды.

Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап кез келген автокөлік иесі Trade-In бағдарламасы аясында ескі көліктерін өзі үшін тиімді шарттармен жаңа Hyundai-ға ауыстыра алады. Бағдарламаға қатысатын барлық автокөліктер кешенді техникалық диагностикадан өтіп, одан әрі пайдалануға дайындалған.

Hyundai үлгілерінің жоғары қалдық құнының арқасында клиенттер өз автокөліктері нарықтағы жоғары өтімділікті сақтайтынына және автокөлікті ауыстырған жағдайда сатып алу шығындарын едәуір азайтатынына сенімді бола алады.

[1] 2011 жылдан бастап «Автостат» ай сайын жаңа жеңіл автокөліктердің бағасына мониторинг жүргізеді, ал 2012 жылдан бастап — сондай-ақ жүрілген автокөліктердің бағасын зерттейді.